Accessibility links

Германия: Түркия неміс делегациясын Инжирлик базасына жібермей жатыр


Түркияның Инжирлик әскери базасы. (Көрнекі сурет).
Түркияның Инжирлик әскери базасы. (Көрнекі сурет).

Германия билігі Анкара неміс делегациясына германиялық әскер орналасқан Түркиядағы Инжирлик әуе базасына баруына рұқсат етпегенін мәлімдеді. Германия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Түркия жағы қорғаныс вице-министрі мен бірнеше депутаттың шілдеде базаға баруына шектеу қойған. Әскерилер Германия парламентінің комитетіне бұған өткен айда Осман империясы кезіндегі армяндардың қырылуын геноцид деп тану туралы заң жобасы қабылдануы себеп деген.

Түркия билігі әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсінік бермеді. Инжирлик базасында 250-ге тарта неміс сарбазы, Tornado барлаушы ұшағы мен жанармай құятын ұшақ орналасқан. Бұл контингент АҚШ бастаған халықаралық коалицияның Ирак пен Сириядағы экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әскери-әуе операцияларына қатысады.

XS
SM
MD
LG