Accessibility links

Ұлыбританияда ЕО-да қалу-қалмауға қатысты референдум өтіп жатыр


Эдинбургтегі сайлау учаскесіне жіберілетін бюллетень жәшігі. Шотландия, 22 маусым 2016 жыл.

Эдинбургтегі сайлау учаскесіне жіберілетін бюллетень жәшігі. Шотландия, 22 маусым 2016 жыл.

Ұлыбританияда бүгін елдің Еуропа Одағы (ЕО) құрамында қалу я қалмау мәселесін шешетін референдум өтіп жатыр. Дауыс беру қорытындысы Ұлыбританияның ғана емес, Батыстың барлық елінің болашағына әсер етуі мүмкін.

Соңғы күндердегі сауалнама нәтижелерін зерттеген сарапшылар мәліметінше, еуроинтеграцияға қарсылар оны қолдайтындардан шамамен 0,6 пайызға артық. Сайлаушылардың 9 пайызы әлі таңдау жасамаған.

Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын осы ел премьер-миинстрі Дэвид Кэмерон, лейбористер жетекшісі Джереми Корбин және Либералды-демократиялық партия жетекшісі Тим Фаррон қолдайды. Олар ЕО-ға мүше болудың экономикалық және саяси артықшылықтары барын айтады.

ЕО-ға күмәнмен қарайтындар ең алдымен елге мигранттардың ағылуымен байланысты проблемалар туындайды дейді.

Әлем елдері басшылары, жетекші компаниялар мен инвесторлар Ұлыбритания ЕО-дан шықса елдің ықпалы әлсіреп, әлемдік экономикада шұғыл өзгеріс болады және оның әсері ондаған жыл бойы сезіледі деп санайды.

XS
SM
MD
LG