Accessibility links

Бішкек БАҚ-ты шетелдіктердің иеленуіне тыйым салуды алдын ала мақұлдады


Қырғызстан парламенті, Бішкек (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламенті, Бішкек (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті шетел азаматтары мен ұйымдарына елде ақпарат құралдарын ашып, ие болуға тыйым салатын заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Құжат сонымен қатар БАҚ-тың шетелден қаржы алуын заңсз деп табады. Заң жобасын 79 депутат қолдап, 30-ы қарсы дауыс берген.

Құжат күшіне енуі үшін әлі екі оқылымда мақұлданып, соңында президент қол қоюы тиіс. Азаматтық белсенділер заңның басты мақсаты - көп жыл бойы елдегі негізгі тәуелсіз ақпарат көзі болып отырған Азаттықтың Қырғыз редакциясын жабу деп, оған қарсылық танытады.

XS
SM
MD
LG