Accessibility links

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді


Парламент мәжілісінің отырысы, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкім шығарды.

Нығматулин 22 маусымда мәжіліс төрағасы болып сайланған. Бірлескен отырыстың күн тәртібі жарияланған жоқ.

Мерзімінен бұрын сайланған алтыншы шақырылымдағы парламент биыл 25 наурызда жұмысқа кіріскен. Сайлауда мәжілістегі 104 орынның 84-ін "Нұр Отан" партиясы иеленген. Билікшіл Қазақстан халықтық коммунистік партиясы мен "Ақ жол" партиясына жеті орыннан тиген. Қалған тоғыз орынға депутаттар Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған.

XS
SM
MD
LG