Accessibility links

Маңғыстау облысында автогаз бағасын реттемек


Ақтаудағы газ кезегінде тұрған көліктер (Көрнекі сурет).
Ақтаудағы газ кезегінде тұрған көліктер (Көрнекі сурет).

Ұлттық экономика министрлігі 24 маусымнан бастап Маңғыстау облысында көлікке арналған сығымдалған газ бағасын 180 күн бойы уақытша реттеу саясатын енгізеді. Министрлік мәліметінше, мұндай шешім газ тапшылығынан және онымен байланысты "аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың шиеленісу қаупінен" қабылданған.

Қазір Бейнеу ауданында жанармай бекеттерінде сығымдалған газдың бір литрі 45 теңге, басқа да аудандар мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында газ литрі 35 теңге болып тұр.

Маңғыстау - көлікке арналған сығымдалған газды ең көп тұтынатын облыстардың бірі. Облыс әкімдігінің мәліметінше, облыста 179 мыңға тарта көлік тіркелген, оның 115 мыңнан астамы газбен жүреді.

Ақтаудағы жанармай бекеттерінде газ тапшылығы сәуір айынан бері байқалып келеді. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев бұған дейін ауқатты көлік иелеріне көліктерін бензинге ауыстыруды ұсынған.

XS
SM
MD
LG