Accessibility links

Назарбаев: ЕАЭО мен ШЫҰ ТМД сияқты болып қалмауы керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасы тілшісіне сұхбат беріп отыр. (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасы тілшісіне сұхбат беріп отыр. (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) мен Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) енжар ұйымға айналдырмау керек деп мәлімдеді ресейлік "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.

"Біздің міндетіміз ШЫҰ қазіргі АСЕАН немесе Оңтүстік-шығыс Азия елдері ынтымақтастығы ұйымы сияқты қағаз жүзіндегі, бюрократиялық ұйым сияқты қылмау. ШЫҰ мүшелері санын көбейте отырып, кезіндегі ТМД сияқты ұйымға айналдырмау керек. ЕАЭО туралы айтқан кезде де осындайға алаңдаймын" деген Назарбаев.

Ташкентте 23-24 маусымда ШЫҰ-ға мүше елдер - Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының саммиті өтеді. Саммитте ұйымға Үндістан мен Пәкістанның мүше болып кіру мәселесі шешіледі деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG