Accessibility links

Күн батареялы ұшақ Атлант мұхитын кесіп өтті


Solar Impulse 2 ұшағы Испанияның Севилья қаласы әуежайына қонуға жақындап келеді. 23 маусым 2016 жыл.

Solar Impulse 2 ұшағы Испанияның Севилья қаласы әуежайына қонуға жақындап келеді. 23 маусым 2016 жыл.

Күн батареясымен жабдықталған Solar Impulse 2 ұшағы бүгін 70 сағатқа созылған Атлант мұхитының үстінен ұшып өту сапарын аяқтады. Швейцариялық авиатор Бертран Пикар ұшақты таңертең Испанияға қондырды. Ұшақ осылайша бірінші рет дүниежүзін айналып ұшып шығудағы ең күрделі кезеңді өткерді. Ұшақ 20 маусымда Нью-Йорктің Джон Кеннеди әуежайынан ұшып шыққан. Әуелде дүниежүзін айналып шығудың трансатлантикалық кезеңі 90 сағатқа созылады деп жоспарланған.

Бертран Пикар мен швейцариялық ұшқыш Андре Боршберг ұшақты кезектесіп басқарады. Олар сапарын 2015 жылы наурызда дүниежүзін айналып шығу саяхатын бастаған Абу-Дабиде аяқтамақ ниетте.

Ұшақ қанатында 17 мың күн батареясы орналасқан. Ұшақ қанатының ауқымы Boeing 747 ұшағының қанаты ауқымымен бірдей.

XS
SM
MD
LG