Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматы облысында жол апатынан Қырғызстанның төрт азаматы қайтыс болды деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

ІІД ақпаратына қарағанда, жол апаты Алматы-Астана жолының 385-километрінде, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының шекарасықиылысатын тұста болған. Mercedes Vito микроавтобусы Setra жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тапқан. Екі адам ауруханаға апара жатқанда қайтыс болған. Жол апатынан төрт адам жараланған. Қаза тапқандардың үшеуі - балалар. Жаралылар Приозерск қаласы аурузанасына апарылған.

Полиция микроавтобуста Қырғызстан азаматтары болған дейді.

2015 жылдың сәуір айында да Жамбыл облысы аумағында Алматы-Екатеринбург жолы бойында микроавтобус "Газель" көлігімен соқтығысып 16 адам, оның ішінде Қырғызстанның 15 азаматы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG