Accessibility links

Ташкентте ШЫҰ саммиті өтеді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ташкент, 23 маусым 2016 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ташкент, 23 маусым 2016 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер мен ұйымға бақылаушы елдер басшылары бүгін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Ташкентке жиналды.

Саммиттің күн тәртібінде аймақтағы қауіпсіздік мәселесі мен Ауғанстандағы жағдайды талқылау мәселелері бар. Кремль 22 маусымда саммитте Үндістан мен Пәкістанның 2017 жылы ШЫҰ-ға кіруі талқыланатынын мәлімдеген. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков келіссөзде Иранды ШЫҰ-ға қабылдау мүмкіндігі туралы да талқылануы мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.

Қазір ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Пәкістан Иран және Моңғолияның бақылаушы мәртебесі бар.

Қытай президенті Си Цзиньпин Ташкентке осы аптаның басында барып, 21-22 маусымда Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен келіссөз жүргізген.

Ресей президенті Владимир Путин Ташкентке бүгін бармақ. Путин екі күндік саммиттен соң Қытайға барады.

XS
SM
MD
LG