Accessibility links

1 шілдеде шетелдік TV жарнамаға тыйым заңы күшіне енбек


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев

"1 шілдеден бастап шетелдік телеарналар эфирінде жарнама көрсетілуіне салынған тыйым күшіне енеді" деп хабарлады ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Абаевтың айтуынша, бұл жайлы заң 2015 жылы қазанда қабылданған соң шетелдік каналдар жарнамасыз контент ұсынуға кіріскен. Министрдің дерегінше, олардың арасында Viasat тобы арналары (TV 1000, Explore, History, Viasat Sport және тағы басқалар) бар, ал Discovery компаниясындағы 15 арнаның 13-і заң талабын орындау үшін тиісті техникалық жарақты сатып алған.

Дәурен Абаевтың сөзінше, кабельдік желілер арқылы хабар тарататын 150 телеарнаның 70 пайызы - шетелдік. Мұндай арналардың Қазақстанда мақұлданбаған не тыйым салынған өнімдерді (мысалы, алкогольді ішімдіктерді) жарнамалайтынын сөз еткен министр оған жұмсалған қаржының қазақстандық арналарға тимегенін айтады.

XS
SM
MD
LG