Accessibility links

Германиядағы кинотеатр шабуылшысын полиция атып өлтірді


Фирнхайм полициясы кинотеатрды қоршауға алып тұр. Видео скриншоты
Фирнхайм полициясы кинотеатрды қоршауға алып тұр. Видео скриншоты

Германияның Франкфуртына жақын Фирнхайм қаласындағы кинотеатрға шабуыл жасады деп хабарланған қарулы ер адам полицияның қолынан оққа ұшты. Халықаралық БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, Гессен жерінің билік өкілдері полицияның Kinopolis кинотеатрына басып кіріп, күдікті шабуылдаушыны атып өлтіргенін растады. Билік өкілдерінің сөзінше, полицейлер шабуылдаушы кепілге адам алды деп күдіктеніп, оқ атуға мәжбүр болған. Басқа адамдардың зардап шеккені туралы ресми мәлімет жоқ. Бұған дейін BBC "кем дегенде 20 шақты адамның жараланғаны" туралы хабарлаған. Шабуылдаушының не себепті мұндай әрекетке барғаны анық емес.

Жергілікті Bild газетінің мәліметі бойынша, 23 маусым күні қарулы ер адам Фирнхайм орталығындағы Kinopolis кинотеатрына тапанша ұстап баса-көктеп кірген. Шабуылшы иығына оқшантай іліп алған деп сипатталған.

Шабуылдаушы күдікті төбеге оқ атқан соң, кинотеатрда дүрбелең туып, адамдар жанталаса сыртқа ұмтылған. Содан кейін төтенше оқиға орнын полиция қоршауға алған.

XS
SM
MD
LG