Accessibility links

Демократтар АҚШ конгресіндегі акциясын тоқтатты


АҚШ конгресі алдындағы наразылық акциясы. Вашингтон, 23 маусым 2016 жыл.

АҚШ конгресі алдындағы наразылық акциясы. Вашингтон, 23 маусым 2016 жыл.

АҚШ конгресі төменгі палатасын бір тәуліктен астам уақыт басып алған Демократиялық партия өкілдері қарсылық акциясын тоқтатты. Депутаттар өкілдер палатасы ғимаратының еденінде түнімен отырып, ғимаратты босатудан бас тартқан. Олар 4 шілдедегі Тәуелсіздік күні қарсаңындағы мерекелерде конгресс жұмысын тоқтатпауды көздейді.

Демократтар қару сатуды шектеу туралы заң жобасын дауысқа салуды талап етеді. Құжат 12 маусымда Флорида штатының Орландо қаласында түнгі гей клубта болған атыстан 50-ге тарта адам қаза тапқан соң ұсынылған. Бірақ конгресте көпшілік орынға ие республикашылдар акцияны "жарнамалық айла-шарғы" деп атап, палатаны 5 шілдеге дейін таратып жіберген. Қаруды еркін сата беруге тыйым салуды жақтаушылардың көбі конгресмендер акциясын қолдап Капитолийден кетпей отыр.

XS
SM
MD
LG