Accessibility links

ШЫҰ ұйымға Иранды қосу мәселесінде келісе алмады


ШЫҰ саммитіне қатысушылар: Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері. Ташкент, 23 маусым 2016 жыл.

ШЫҰ саммитіне қатысушылар: Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері. Ташкент, 23 маусым 2016 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Ресейдің Иранды ұйым құрамына қосу мәселесіне қатысты келісе алмады.

Қытайда құрылған Азиядағы қауіпсіздік блогы Мәскеу мен Пекиннің Орталық және Оңтүстік Азиядағы ықпал ету платформасы қызметін атқарған. Бірақ Қытай Ресей сияқты ұйымның Батысқа қарсы қырын келуін қаламайтынын білдіріп келеді.

Иран біраздан бері ШЫҰ-ға мүше болғысы келіп жүр. Ал Ресей Тегеранға қарсы салынған Батыс елдерінің санкциялары жойылса Иран ШЫҰ-ға мүше болуы керек деп санайды.

"Ресей Иранның ШЫҰ-ға еш кедергісіз кіруін толық қолдайды" деді Ресей президенті Владимир Путиннің ШЫҰ-дағы өкілі Бахтиер Хакимов 23 маусымда Ташкентте басталғна ШЫҰ саммитінде. Ол "іс жүзінде Иранның ШЫҰ-ға кіру идеясына ешқандай кедергі жоғын", бірақ Иран өтінішінің мерзімі өтіп кетуіне байланысты қабылданбауына қатысты "техникалық өзгешеліктер" барын айтты.

Қытайлық дипломаттар саммитте бұл мәселеге қатысты комментарий бермеді. Бірақ Қытай сыртқы істер министрі Ван И Пекин әуелі Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға кіруіне көңіл бөлгісі келетінін білдірді.

XS
SM
MD
LG