Accessibility links

Қытайда дауылдан 98 адам қаза тапты


Қытайда тұрған дауылдардың бірі (Көрнекі сурет).

Қытайда тұрған дауылдардың бірі (Көрнекі сурет).

Қытайдың шығысында күшті дауыл тұрып, бұршақ жауып 98 адам қаза тапты. Табиғи апаттан жүздеген адам жараланып, электр сымдары үзілді, көліктер аударылып, үйлер мен ғимараттардың шатырлары ұшты. Дауыл 23 маусым күні Шанхайдан солтүстікке қарай орналасқан Яньчэн қаласында тұрған.

Қытайлық ақпарат құралдары 24 маусымда дауыл жылдамдығы сағатына 78 мильге дейін жеткенін хабарлады. Табиғи апаттан жараланғандар саны 800 адамға жеткен. Дауылдан бірнеше кәсіпорын бүлініп, қауіпті химиялық заттар сақтайтын зауыт қираған.

Қазір Өзбекстанда жүрген Қытай президенті Си Цзиньпин үкіметке табиғи апат салдарын жолю шараларын жасауды тапсырды.

Қытайда жаз мезгілінде табиғи апат көбейеді. Осы аптаның басында Қытайдың оңтүстігінде су тасқынынан 22 адам мерт болып, 20 адам із-түзсіз жоғалды.

Өткен жылы маусымда дауылдан Янцзы өзенінде жолаушылар кемесі суға батып, 442 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG