Accessibility links

Британ референдумына байланысты мұнай арзандап, доллар көтерілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада теңгеніңдолларға шаққандағы бағамы арзандап, 340 теңге 7 тиынды құрады. Өткне тәуліктегі саудамен салыстырғанда доллар 3 теңге 44 тиынға қымбаттаған. Сауда көлемі 153 миллион долларға дейін көбейген. Кеше таңертеңгілік саудада биржада 119 миллион доллар сатылған.

Әлемде мұнай баррелінің бағасы да 47 долларға деййн арзандап, Ұлыбританиядағы референдум қорытындысы туралы жаңалықтарға байланысты бір тәулікте 6 пайыздан көп арзандаған.

Британдық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 23 маусымда өткен тарихи референдумда сайлаушылардың жартысынан астамы елдің Еуропа одағынан шығуын қолдап дауыс берген. BBC-дің мәліметінше, 382 округтің 339-ындағы дауысты санағандағы нәтиже бойынша сайлаушылардың 52 пайызы Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуын қолдап, 42 пайызы қарсы дауыс берген. Референдумға сайлаушылардың 72 пайызы қатысқан.

Ұлыбританиядағы референдумның экономикалық салдары да кәдімгідей. Британ фунт стерлингінің долларға шаққандағы бағамы бір тәулікте 31 жылда болмаған деңгейге дейін арзандады. 2016 жылдың басында фунт стерлингтің долларға шаққандағы бағамы 1,5 болса, бір тәулікте ол 1,35-ке дейін арзандады. Токио, Сеул, Гонконг және Сиднейдегі қор биржаларында индекстер референдум қорытындысына қарай 7 пайызға арзандады.

XS
SM
MD
LG