Accessibility links

Астанада Мейрамовтар үйін сүруге тағы келді


Сот орындаушылары Мейрамовтар үйінің маңына келді. Астана, 23 маусым 2016 жыл.

Сот орындаушылары Мейрамовтар үйінің маңына келді. Астана, 23 маусым 2016 жыл.

Астанада бүгін таңертең сот орындаушылары Иманов көшесіндегі Мейрамовтар тұрып жатқан үйге отбасын үйден күштеп шығаруға келді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, отағасы Әділбек Мейрамов үйге бекініп, егер билік отбасын күштеп шығаруға әрекеттенсе газ баллонын жарып жіберетінін ескертті.

Мейрамов үйде үш жас баласы барын айтады. Ол терезеден үйден күштеп шығарудың заңсыз екенін айтып, үйге бөтен адамның жақындамауын талап етіп айқайлады. Терезе жақтауынан газ баллоны көрінеді. Ол биліктің үйін сүрудің өтемақысы ретінде ұсынған өтемақы көлемімен келспейтінін айтады. Мейрамов өзімен келіссөзге әкімдіктің жауапты шенеунігі шығуын талап етеді. Үйдің жанында әйелі Гүлзада Арықбаева жүр. Ол журналистерге өзінің ауруханадан келгенін айтады. Арықбаеваның сөзінше, отбасы бүгін үйінен күштеп көшірілетіні туралы ескерту алмағандықтан үйден шығару "заңсыз".

Үйге жақын маңда сот орындаушыларымен бірге полицея қызметкерлері, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметкерлері жүр.

Оқиға орнындағы билік өкілдері Азаттық тілшісіне үйден күштеп шығаруға қатысты комментарий беруден бас тартты.

Мейрамовтар отбасын үйінен күштеп көшіру әрекеті бірінші рет болып отырған жоқ. Өткен жылы желтоқсанда сот орындаушылары Мейрамовтар тұратын үйді сүруге келген. Сол күні Гүлзада Арықбаева тамағына пышақ тақап, өз-өзін өлтіретінін айтып доқ көрсеткен соң көшіру кейінге қалдырылған.

Сот Мейрамовтар үйін "мемлекет мұқтаждығына керек" деген уәжбен сүруге шешім шығарған. Әділбек Мейрамовтың сөзінше, үйді сүргені үшін өтемақы тағайындау туралы сот отырысы өзінің қатысуынсыз өткен. Ол сот шешімі туралы 2012 жылы сот өтіп кеткен соң білген. Мейрамовтар отбасы өздеріне қатысты сот шешімі заңсыз және өтемақы ретінде ұсынылған ақшаға Астанада өз үйлерімен тең үй алу мүмкін емес дейді.

Мейрамовтарды үйінен күштеп көшіру әрекеті. Тікелей трансляция:

XS
SM
MD
LG