Accessibility links

Путин: Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға 2017 жылы қосылады


Ресей президенті Владимир Путин. Ташкент, 24 маусым 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Ташкент, 24 маусым 2016 жыл.

Ресей прзеиденті Владимир Путин 24 маусымда Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) 2017 жылы кіре алатынын мәлімдеді. ШЫҰ-ның Ташкентте өткен саммитінде Путин кездесу қорытындыларының бірі Үндістан мен Пәкістанның ұйымға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін орындауы тиіс міндеттемелері туралы меморандумға қол қою болғанын айтты. Путин ШЫҰ-ның 2017 жылы Қазақстанда өтетін саммитінде Үндістан мен Пәкістанды ұйымның толық мүшесі болғанын көруге үмітті екенін де білдірді.

Ресей президенті сонымен қатар Иранның ШЫҰ-ға кіруіне кедергі көріп тұрмағанын айтты. Оның сөзінше, Тегеранның ядролық мәселесі шешіліп, БҰҰ санкциялары алынғандықтан Иранды ШЫҰ-ға қосуға болады.

Ташкентте 23 маусымда басталған саммитте ШЫҰ елдері басшылар аймақтағы қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдайды талқылаған.

Қазір ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мүше. Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістанның бақылаушы мемлекет мәртебесі бар.

XS
SM
MD
LG