Accessibility links

Wimbledon жеребесі тартылды


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Grand Slam жарыстарының санатына енетін Wimbledon жарысының жеребесі тартылды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 38-орында) алғашқы айналымда ресейлік Марина Мельниковамен (195) кездеседі.

Ал Ярослава Шведова (95) бірінші айналымда германиялық Юлия Гергеспен (78) кортқа шықса, Зарина Дияс (99) тағы бір германиялық Анна-Лена Фридзаммен (58) ойнайды.

Ерлер арасындағы сынға Қазақстаннан жалғыз қатысатын Михаил Кукушкин (56) алғашқы кездесуін словакиялық Мартин Клижанмен (47) өткізеді.

Теннис турнирі 27 маусым - 10 шілде арасында Лондонда өтеді. Былтыр бұл жарысты әйелдер арасында америкалық Серена Уильямс, ерлер арасында сербиялық Новак Джокович жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG