Accessibility links

Алматыда 1916 жылғы көтеріліске қатысты әндер туралы жиын өтті


 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған "Азат рухтың алдаспаны" дөңгелек үстел шарасына қатысушылар. Алматы, 24 маусым 2016 жыл.

1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған "Азат рухтың алдаспаны" дөңгелек үстел шарасына қатысушылар. Алматы, 24 маусым 2016 жыл.

Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Азат рухтың алдаспаны» деп аталатын дөңгелек үстел өтті. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада көтеріліс кезінде шыққан қарсылық әндер мен күйлер жайлы сөз болып, орындалды.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға әнші Ерлан Төлеутай, Жоламан Құжиманов, Еркін Нұрханов, Жасұлан Сақаев сияқты әншілер қатысты. Жиынды жүргізген Ерлан Төлеутай 1916 жылы шыққан әндер мен күйлер туралы келген қонақтарға әңгімелеп берді.

1916 жылы маусымның 25-інде Ресей патшасы ІІ Николайдың "Реквизиция туралы» жарлығы шықты. Ол бойынша Қазақстан, Орта Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 19 бен 43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу жоспарланды. 400 мыңның 240 мыңы қазақтан алынатын болды. Бұған наразы болған халық жаппай бас көтерген. Биыл көтеріліске 100 жыл толып отыр.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG