Accessibility links

Грузия парламенті рақымшылық туралы заң қабылдады


Грузиядағы әйелдер түрмесі. Рустави, 5 қараша 2015 жыл.

Грузиядағы әйелдер түрмесі. Рустави, 5 қараша 2015 жыл.

Грузия парламенті «Ұлттық форум» фракциясының рақымшылық жариялау туралы бастамасын қолдады. Фракция ұсынған «Амнистия туралы» заң жобасын 77 депутат бірауыздан қабылдады деп хабарлады бүгін Азаттықтың Грузин қызметі «ИнтерпрессНьюс» агенттігіне сілтеме жасап.

Амнистия жасы 70-ке жеткен ер азаматтар мен 65 жасқа келген әйелдерді қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуды көздейді. «Ұлттық форум» фракциясының ақпараты бойынша, бұл жобаны қабылдау және жүзеге асыру айып тағылған 116 адамды қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуға септеседі. Мысалы, жобаға сәйкес, қылмыстық заңның кейбір баптарын қоспағанда ауыр емес және ауыр қылмыстар жасаған, жасы 70-ке жеткен ер азаматтар мен 65 жасқа келген әйелдер қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатылады.

Жоба бойынша, амнистия абайсызда адам қазасына апарып соқтырған, аса ауыр қылмысқа жатпайтын қылмыс түрлеріне қатысты қолданылады. Бірақ бұл үшін жәбірленген тараптың құқықтық мұрагері аталған заң бабын айыпкерге қолдануға өзінің келісім беретінін тергеуге немесе сотқа білдіруге тиіс.

XS
SM
MD
LG