Accessibility links

Астанада газ баллонын жармақ болып сес көрсеткен Мейрамовты сотқа шақырды


Үйін іштен жауып алған Әділбек Мейрамов егер үйге сот орындаушылары жақындаса, газ баллонын жарып жіберетінін ескертіп тұр. Астана, 24 маусым 2016 жыл.
Үйін іштен жауып алған Әділбек Мейрамов егер үйге сот орындаушылары жақындаса, газ баллонын жарып жіберетінін ескертіп тұр. Астана, 24 маусым 2016 жыл.

Астанада кеше үйінен күштеп шығаруға келген сот орындаушыларына қарсылық танытып, газ баллонын жарып жіберетінін мәлімдеп сес көрсеткен Әділбек Мейрамовты енді мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа шақыртып жатыр. Бүгін тұрғынға дүйсенбі күні таңертең сотқа шақырылғаны туралы қағаз әкеліп табыс еткен. Кеше сот орындаушысы Ердәулет Болысбеков сот шешімін орындауға кедергі келтіргені үшін Әділбек Мейрамовқа «әкімшілік шара қолданылатыны» туралы Азаттыққа айтқан.

Сонымен бірге кешеден бастап Мейрамовтың үйін электр қуатынан ажыратып тастаған.

Жұма күні Мейрамовтар отбасын Астананың орталығындағы жеке меншік үйінен шығаруға келген сот орындаушылары бес сағаттан астам уақыт бойы талпынғанымен, еш нәтиже шығара алмаған еді. Үйді ішінен жауып алған отағасы Әділбек Мейрамов егер үйге бөтен адам жақындайтын болса қолындағы газ баллонын жарып жіберетінін ескертіп, баллонға қоса сіріңке, тамызық газет ұстап, баспанасына сот орындаушыларын кіргізбей қойған.

Терезеден басын шығарып тұрған ол «үйде үш жас баласы бар» екенін айтып, қала әкімі Әсет Исекешевпен кездесуді және өзіне төленетін өтемақы мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құруды талап еткен болатын.

24 МАУСЫМДАҒЫ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ВИДЕО:

Оборона дома в центре Астаны
please wait

No media source currently available

0:00 0:20:04 0:00

Бұған дейін сот Мейрамовтар үйін «мемлекет мұқтаждығына керек» деген уәжбен сүруге шешім шығарған. Бұл үйдің орны арқылы кеңейтілген жол түседі деп түсіндірді кеше Азаттыққа «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер телімдерін алуды құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бастығы Талғат Базаров.

Әділбек Мейрамовтың сөзінше, сот оған сүрілетін үйіне екі миллион 600 мың теңге «әділетсіз өтемақы» төлеу туралы шешім шығарған. «Мұндай ақшаға басқа баспана сатып ала алмаймын» дейді наразы тұрғын.

Кеше оқиға болып жатқан жерге келгенімен, наразы жандармен кездеспеген Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин «даулы үй мен жер телімінің меншік иесі ретінде тіркеуде тұрған тоғыз адамның бәріне бұған дейін ақшалай өтемақы төленіп қойған» деп айтты.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG