Accessibility links

Сирияда әуе шабуылынан ондаған бейбіт тұрғын қаза болған


Сирия жеріндегі нысанаға бомба тастап жүрген Ту-22М3 әскери ұшағы. Қаңтар, 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Сирия жеріндегі нысанаға бомба тастап жүрген Ту-22М3 әскери ұшағы. Қаңтар, 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы басып алған елді мекенде сенбі күні жасалған әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан. Дейр-әз-Зор провинциясындағы Әл-Курия ауылында мерт болған 47 кісінің 30-дан астамы – бейбіт тұрғындар, қалған адамдардың кімдер екені анықталып жатыр деп хабарлады Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын қадағалау орталығы.

Батыс агенттіктерінің хабарлауынша, әуе соққысын Сирия үкімет күштері жасады ма, жоқ әлде ресейлік ұшақтар шабуылдады ма – ол жағы әзірше белгісіз қалып отыр.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Сирияның шығысындағы Дейр-әз-Зор провинциясының ауқымды бөлігін бақылауда ұстап отыр. 2015 жылдың наурыз айынан бері экстремистер Дейр-әз-Зор қаласының үкімет күштері ұстап тұрған бөлігіне тосқауыл орнатқан.

Ресей әскери ұшақтары былтырғы қыркүйек айынан бері Сирия президенті Башар Асадқа бағынышты қарулы күштерге әуеден қолдау көрсетіп келеді.

XS
SM
MD
LG