Accessibility links

Еуро-2016: Уэльс, Польша мен Португалия ширек финалға шықты


Хорватия - Португалия матчы. Ленс, Франция, 25 маусым 2016 жыл.

Хорватия - Португалия матчы. Ленс, Франция, 25 маусым 2016 жыл.

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы командалар айқындалды. 1/8 финалдағы кездесудің негізгі бөлігін 1:1 есебімен тең аяқтаған Польша мен Швейцария командалары жеңімпазды матчтан кейінгі пенальти нәтижесі бойынша анықтады, сайыс барысында поляк командасы басым түсті.

Хорватия мен Португалия командалары да ойынның негізгі бөлігінде доп сала алмады. Қосымша уақытта Португалия бір гол соғып, жеңіске жетті.

Ал Уэльс және Солтүстік Ирландия арасындағы ойында 1:0 есебімен Уэльс құрамасы ұтты.

Еуропа чемпионаты 1/8 финалының қалған ойындары маусымның 26-сы мен 27-сі күндері өтеді.

XS
SM
MD
LG