Accessibility links

Танзанияда табылған ұшақ сынығын зерттемек


Реюньон аралы жағалауынан табылған ұшақ бөлшегін көтеріп бара жатқан адамдар. 29 шілде 2015 жыл.
Реюньон аралы жағалауынан табылған ұшақ бөлшегін көтеріп бара жатқан адамдар. 29 шілде 2015 жыл.

Танзаниядаға Пемба аралының жағалауынан сенбі күні табылған ұшақ сынығының 2014 жылы наурызда жоғалып кеткен малайзиялық жолаушылар ұшағына қатысы бар-жоғы оны зерттегеннен кейін анықталады. Малайзия көлік министрі Лиоу Тионг Лайдың сөзінше, кеше Пембада көлемді сынық табылған.

Бұдан бір жылдай бұрын, 2015 жылы шілденің соңында Үнді мұхитындағы Францияның Реюньон аралы жағалауынан Boeing 777 ұшағының сынығы табылған еді. Бірақ француз және малайзиялық сарапшылар табылған заттың жоғалған жолаушылар ұшағына қатысы жайлы ортақ пікірге келе алмаған.

2014 жылы 8 наурызда MH370 жолаушылар рейсімен Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шыққан Boeing 777 ұшағы мен ондағы 239 адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Оған байланысты жүргізілген тергеу деректері бойынша, Үнді мұхиты үстімен ұшқан ұшақ бағытынан бірнеше мың мильге ауытқып кеткен соң әлдекім борттағы белгі беріп тұратын құрал – транспондерді әдейі өшіріп тастаған. Ұшақтың апатқа ұшырауына нақты дәлел болатын ешбір зат әлі күнге дейін табылған жоқ.

Былтыр қаңтар айында Малайзия билігі жоғалған ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылары қаза болған деп таныған.

XS
SM
MD
LG