Accessibility links

АҚШ-та тасқын салдарынан кемінде 23 адам опат болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында тасқын салдарынан кемінде 23 адам мерт болған. Билік орындары табиғи апат құрбандарының саны бұдан да көп болуы мүмкін деп ескерткен.

Тасқын салдарынан қауіпті жағдайға тап болған жүздеген адам құтқарылған. Ұлттық гвардия сарбаздары да қоса жұмылдырылған іздеу-құтқару шаралары әлі жалғасып жатыр.

Штат губернаторы аймақта соңғы бір ғасырдағы ең үлкен табиғи апатқа айналған тасқын автокөлік жолдарын, көпірлер мен көптеген тұрғын үйлерді бұзып кетті деп мәлімдеді. Ол елдің орталық үкіметінен штаттағы жағдайды федералдық көлемдегі табиғи апат деп жариялауды сұрайтынын айтты. Тасқын салдарынан штат көлемінде 60 мыңға жуық үй электр қуатынан ажырап қалған.

Штат аумағында бейсенбіде басталған қалың нөсердің соңы тасқынға ұласқан. Ауа райын болжайтын мамандардың айтуынша, Батыс Вирджинияда бір тәулікте жылдық жауын-шашын мөлшерінің ширек бөлігіне тең ылғал түскен.

XS
SM
MD
LG