Accessibility links

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі дүмпуі сезілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Маусымның 26-сы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:17 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 526 километр қашықтықта 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Сілкініс ошағы Қырғызстан, Тәжікстан мен Қытай шекарасы тұсында болғаны хабарланды. Жер сілкінісінің күші МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент пен Таразда 3 балл, Алматыда - 2 балл шамасында сезілген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG