Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасы жайлы келіссөздер өтетіні хабарланды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиті кезіндегі екіжақты кездесуде шекара мәселесі мен екі елдің қарым-қатынастарын талқылаған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстан президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімі меңгерушісі Сапар Исаков хабарлаған.

– Кездесуде шекара мәселесі көтерілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша, бұл мәселе жөнінде диалогты жалғастыру ұйғарылған. Президенттер егер қандай да бір түсініспеушілік туындаса, мәселені екі елдің премьер-министрлері шешеді деп келіскен. Екі елдің үкімет басшыларына тапсырма берілген. Таяу күндері олар келіссөздер өткізеді. Бәлкім, телефон арқылы сөйлесер немесе кездесулері мүмкін. Қос президенттің шешіміне сай, көршілес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас позитивтік арнада дамитын болады, - деді Исаков.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиті 23-24 маусым күндері Ташкентте өткен.

XS
SM
MD
LG