Accessibility links

Испанияда парламент сайлауы қайта өтіп жатыр


Халық партиясының жетекшісі Мариано Рахой жақтастарына қол бұлғап тұр. (Көрнекі сурет.)

Халық партиясының жетекшісі Мариано Рахой жақтастарына қол бұлғап тұр. (Көрнекі сурет.)

Испанияда бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр. Корольдікте 36 миллионнан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Қоғамдық сауалнама нәтижесі бойынша, елдің қазіргі премьер-министрі Мариано Рахой жетекшілік ететін биліктегі консервативтік халық партиясы жеңіске басқалардан бір табан жақынырақ деп саналады. Солшыл күштердің «Біріксек, қолымыздан келеді» саяси блогы екінші боп тұр. Оның құрамына жақында құрылған «Подемос» солшыл радикалдық партия да енген. Солшыл күштер егер сайлауда жеңіске жетер болса түбегейлі бетбұрыс жасайтын реформалар жүргізуге уәде берген.

Испан сайлаушылары бұл жолы парламенттің төменгі палатасы – конгреске 350 депутат және сенатқа 208 депутат сайлайды.

Бұл Испанияда соңғы жарты жылда өтіп жатқан екінші сайлау. Былтыр 20 желтоқсанда өткен жалпыға бірдей сайлау нәтижесінде халық партиясы жеңіске жеткенімен парламентте көпшілік дауысқа ие бола алмаған еді. Партия өзге саяси күштермен министрлер кабинетін жасақтау туралы келісімге келе алмаған соң Испания королі төртінші Филип парламент сайлауын қайта өткізуді маусымның 26-сына тағайындаған болатын.

XS
SM
MD
LG