Accessibility links

Алматы облысында АН-2 ұшағындағы апаттан екі адам зардап шеккен


АН-2 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
АН-2 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Алматы облысында АН-2 ұшағындағы апаттан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлады бүгін «Қазақстан жаңалықтары» сайты облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай қызметіне суыт хабар сағат 12:46 кезінде түскен. Балқаш ауданында егістік жерді өңдеп жүрген АН-2 ұшағы жексенбі күні Береке ауылы маңында апатты жағдайда қонған. Ұшақта болған ұшқыш пен техник түрлі дәрежедегі күйік жарақатымен Бақанас ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. Біреуінің денесін қатты күйік шалған, ал екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық күйде деп хабарланды.

АН-2 ұшағы «Тамшыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде болған.

XS
SM
MD
LG