Accessibility links

Карелияда Сямозеро көлінде опат болған 14-баланың сүйегі табылған


Петрозаводск тұрғындары Сямозеро көлінде қайғылы қазаға ұшыраған балаларды еске алу шарасында тұр. 20 маусым 2016 жыл.
Петрозаводск тұрғындары Сямозеро көлінде қайғылы қазаға ұшыраған балаларды еске алу шарасында тұр. 20 маусым 2016 жыл.

Ресейдің Карелия аймағында құтқарушылар Сямозеро көлінен 18 маусымнан бері жоғалған адам ретінде іздеуде болған 14 жастағы ұл баланың сүйегін тапқан. Көлден табылған іздеудегі баланың денесі екені расталған.

18 маусымда 47 бала мен төрт ересек адам үш қайықпен Сямозеро көліне серуенге шыққан. Көлде қатты дауыл тұрып, қайықтардың бірі аударылып қалған. Арада 20 сағат өткеннен кейін ғана құтқару операциясы басталған. Апат салдарынан 14 бала опат болған. Балалар демалыста болған «Парк-отель Сямозеро» лагері биліктің шешімі бойынша жабылған. Лагерь директоры мен оның орынбасары тұтқындалған, «Роспотребнадзор» мекемесінің Карелиядағы басқармасы басшысы үйқамаққа алынған.

Қайғылы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG