Accessibility links

ИМ мүшелері БАҚ-қа жұмыс істеген белсенділерді өлтірген


ИМ содырларының кісі өлтіргені туралы видеосынан үзінді (Көрнекі сурет).

ИМ содырларының кісі өлтіргені туралы видеосынан үзінді (Көрнекі сурет).

Экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы өткен жылы ұстаған бес сириялықты өлтірген видеосын жариялады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, бес адам өткен жылы қазан айында ұрланып, желтоқсанда өлтірілген. Ұйым басшысы Рами Абдуррахман содырлар оларды өздері бақылайтын Сирияның Дейр-әл-Зур қаласындағы қақтығыстан ақпарат таратқаны үшін өлтірген.

Абдуррахманның айтуынша, қаза тапқандардың бірі Syrian Observatory for Human Rights ұйымына Дейр-әл-Зур қаласындағы соғыс туралы ақпарат беріп тұрған. Видеода өлтірілетін екінші адам Human Rights Watch ұйымына ақпарат бергенін, үшінші адам "Әл-Жазира" телеарнасына жұмыс істегенін айтады. Екі ұйымның ешқайсысы видеоға қатысты түсінік бермеді.

ИМ содырлары бұған дейін Сирияда өздері бақылайтын аумақта шетелдік ақпарат құралдарына ақпарат жеткізген белсенділерді өлтіргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG