Accessibility links

БАҚ: Израиль мен Түркия байланысты қалпына келтіруге келісті


Түркия мен Израиль тулары (Көрнекі сурет).

Түркия мен Израиль тулары (Көрнекі сурет).

Түркия мен Израиль екі ел арасында алты жыл бұрын шиеленіскен қарым-қатынасты дұрыстауға мүмкіндік беретін келісім жасасты.

Reuters, Associated Press және France Press ақпарат агенттіктерінің Римде жүрген Израиль премьер-министрі делегациясындағы өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, келісім жайлы толық мәліметтер таяу уақытта жарияланады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас 2010 жылы Израиль әскерилері палестиндіктерге қолдау көрсету мақсатында теңіз арқылы бұғауда қалған Газа секторына жетпек болған он түрік белсендісін өлтірген соң күрт нашарлаған. Дипломатиялық байланыстар мүлдем үзілмегенімен Түркия елшісін шақырып алып, Тель-Авивпен әскери және экономикалық ынтымақтастығын кәдімгідей қысқартқан.

Израиль делегациясындағы аты-жөнін атамаған дереккөзі Associated Press агенттігіне келісімде Израильдің қаза тапқандар отбасына 20 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеп, Анкараның бұдан ары шағым жасаудан бас тартуы және екі елдің елші алмасуы қарастырылғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG