Accessibility links

Ирак армиясы Фаллуджаға бақылау орнатты


Фаллуджаның орталығында жүрген Ирак әскерилері. Ирак, 20 маусым 2016 жыл.
Фаллуджаның орталығында жүрген Ирак әскерилері. Ирак, 20 маусым 2016 жыл.

Ирак армиясы Бағдадтан батысқа қарай 50 километр қашықтықтағы Фаллуджа қаласына бақылау орнатты деп хабарлайды Ирак әскери шенеунігіне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі. Бұған дейін қала "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының бақылауында болған.

Ирак армиясының Фаллуджаны бақылауға алу операциясы кезінде екі мыңнан астам содырдың көзі жойылған. Үкімет әскері мен шиит қарулы жасақтарының шабуылы биыл мамырдың басында басталған.

ИМ Фаллуджаны 2014 жылдың қаңтарында алған. Ұйым содырлары қаланы жақын территорияларға шабуыл жасауға дайындалатын плацдарм ретінде пайдаланған. Шабуыл басталғалы бері қаладан 80 мың бейбіт тұрғын тастап кеткен.

Содырлар Ирактың солтүстігі мен батысында әлі біраз территорияны, оның ішінде елдегі екінші ірі қала - Мосулды бақылайды.

XS
SM
MD
LG