Accessibility links

Министрлік: Еркіндік пен Қалбатауда сібір жарасын жаңадан жұқтырғандар жоқ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұлттық экономика министрлігі Қарағанды облысының Еркіндік ауылы және Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы Қалбатау ауылы тұрғындары арасында сібір жарасы дертін жаңадан жұқтырғандар жоқ деп мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, 27 маусымда зертханалық тексеруда Еркіндікте сегіз тұрғынның сібір жарасы дертін жұқтырғаны расталған. Олардың екеуі қайтыс болған. 15 маусымда Қалбатауда зертханалық тексеруде екі адамның сібір жарасын жұқтырғаны анықталған. Екі адам сібір жарасын жұқтырды деген себеппен ауруханаға жатқызылған. Жарма ауданында 29 адам дәрігерлер бақылауында.

Министрлік екі ауылда да тұрғындар сібір жарасын "ауру малды ветеринарлық тексеруден өткізбей сойғанда" жұқтырғанын айтады.

Қазір індет шыққан аудандар бақылауда, ондаған адамды дәрігерлер қарап жатыр. Министрлік сібір жарасы малдарды бұрын ауру мал көмілген жерге жақын жаюдан және екпе жұмыстарының тиімсіз жүргізілуінен жұғуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG