Accessibility links

Ердоғанның "Ресей ұшағын атқанға өкінгені" хабарланды


Түрік әскери-әуе күштері атып түсірген ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы. 24 қараша 2015 жыл.

Түрік әскери-әуе күштері атып түсірген ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағы. 24 қараша 2015 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік әскери-әуе күштерінің ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеніне өкініп, жағдайды оңалтуға мүдделі екенін айтты деп хабарлады Кремль.

Ресей президенті Владимир Путиннің сайтында жарияланған, Ердоғанның Путинге жолдауы делінген мәтінде Анкараның "стратегиялық әріптесі Мәскеумен қарым-қатынасын бұзғысы келмейтіні" жазылған. Онда Ердоғанның қаза тапқан ресейлік ұшқыштар отбасына көңіл айтқаны, олардың өліміне қатысы бар түрік азаматына байланысты сот тергеуі жүріп жатқаны айтылған.

Түрік билігі Ердоғанның Путинге мұндай мазмұнда хат жолдағанын растады.

2015 жылы қарашаның 24-і күні Түркия әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшағы «әуе кеңістігімізге кіріп кетті» деп, Ресейдің СУ-24 ұшағын атып құлатқан. Бұл оқиғадан кейін түрік президенті Режеп Тайып Ердоған «Ресей ұшағының Түркияның Сириямен шекарасын бұзып кіргенін, бірақ өз елінің ұшақ ату оқиғасына қатысы Ресеймен қарым-қатынасын ушықтырғысы келмейтінін айтқан. Ұшақтан парашютпен секіріп түскен ұшқыштардың бірін «Сириядағы көтерілісшілер атып өлтіргені» хабарланған. Ресей президенті Владимир Путин бұл оқиғаны «ту сыртымыздан берілген соққы» деп атап, Түркияға санкция жариялаған.

XS
SM
MD
LG