Accessibility links

ХЭА: Ауа ластануы салдарынан қайтыс болатындар саны артуы мүмкін


Делидегі тұман, Үндістан (Көрнекі сурет)

Делидегі тұман, Үндістан (Көрнекі сурет)

Адамзаттың энергияны өндіру және оны тұтыну тәсілдерін өзгертудің қиындығынан ауаның ластануымен байланысты адам өлімі көрсеткіші арта береді. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) жыл сайынғы есебінде айтылады. Есеп бойынша, жыл сайын ауа құрамының ластығы салдарынан 6,5 миллион адам көз жұмады.

Ауаның ластығынан денсаулыққа төнетін қауіп жоғары қан қысымы, тамақтанумен байланысты және темекі шегуден төнетін қауіптерден кейінгі орында тұр. Ауадағы ұсақ бөлшектер өкпе қатерлі ісігін, инсульт пен жүрек ауруларын тудырып, жүрек талмасына ұшыратуы мүмкін.

Агенттік мәліметінше, ауаны ластайтын заттар энергияны тиімсіз өндіріп, пайдаланғаннан пайда болады. Егер шұғыл шаралар жасалмаса, 2040 жылға қарай ау ластығы салдарынан қайтыс болатындар саны үш миллионнан төрт жарым миллион адамға дейін артады.

XS
SM
MD
LG