Accessibility links

Йеменде үкімет әскеріне шабуылдар жасалды


Йеменнің Аден қаласында болған жарылыстардың бірі. 23 маусым 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Йеменнің Аден қаласында болған жарылыстардың бірі. 23 маусым 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Йеменнің оңтүстік жағалауындағы Мукалла үкімет әскеріне жасалған бірнеше шабуылдан 12 сарбаз қаза тапты деп хабарлады қауіпсіздік күштері мен дәрігерлер. Мукалла - "Әл-Қаида" ұйымының Йемендегі негізгі тірегі саналады.

Кейбір шенеуніктердің хабарлауынша, бірнеше жерде жарылған бомбадан қаза қапқандар саны 38-ге жетіп, 24 адам жараланған. Жаралылар арасында бейбіт тұрғындар да бар. Шабуылдарға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы мойнына алды.

Ресми органдар шабуылдар барлау қызметі, армия казармаларына және бақылау-өткізу бекеттеріне сарбаздар ауызашар мезгілде шабуыл жасалғанын айтады.

ИМ мен "Әл-Қаида" екеуі де Йеменде әрекетін күшейтіп, елдегі шииттік хуситтер мен президент Абд Раббу Мансур Хади жақтастары арасындағы азаматтық соғысты өз мақсаттарына пайдалануға тырысып жатыр.

XS
SM
MD
LG