Accessibility links

Франция EgyptAir ұшағы апатына қатысты іс қозғады


 EgyptAir компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
EgyptAir компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

Франция прокуратурасы EgyptAir компаниясының 19 мамырда Жерорта теңізінде құлаған ұшағына қатысты "қасақана жасалмаған кісі өлімі" фактісі бойынша тергеу бастады. Францияда жасалған, бортында 66 жолаушысы бар Airbus ұшағы Парижден Каирге ұшып бара жатқанда Жерорта теңізінің Египетке тиесілі бөлігіне құлаған.

Прокуратура өкілдерінің сөзінше, ұшақ апатына теракт себеп болуы мүмкін деген болжамға ешқандай дәлел жоқ болғандықтан кісі өліміне қатысты тергеу басталған. Істі әуе апаты саласына қатысты мамандар тергеп жатыр.

Ұшақ апатының ебептері әлі белгісіз болып отыр. Теңіз түбінен табылған борттағы ақпаратты жазып отыратын аппарат (немесе "қара жәшік") қатты бүлінгендіктен Египет мамандары ондағы жазбаны оқи алмаған. "Қара жәшік" Францияға жіберілді.

XS
SM
MD
LG