Accessibility links

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жарылыс болды


Стамбул қаласындағы Ататүрік әуежайының жарылыстан кейінгі күйі.

Стамбул қаласындағы Ататүрік әуежайының жарылыстан кейінгі күйі.

Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік әуежайында екі рет жарылыс болғаны хабарланды. Бірнеше адам жараланған.

Reuters мәліметінше, ол маңда атыс дауысы естілген.

BBC дерегінше, оқиға болған жерге жедел жәрдем мен полиция жеткен. Reuters агенттігі дереккөзі әуежайда жараланған адамдарды таксимен әкетіп жатқанын хабарлады.

Жергілікті ақпарат құралдары жарылыс болардан бұрын әуежайдың көлік тұрағында атыс дауысы естілгенін жариялады.

Стамбул қаласындағы Ататүрік әуежайы - әлемдегі аса ірі аэропорттардың бірі.

XS
SM
MD
LG