Accessibility links

Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Астана, 16 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Астана, 16 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбулдағы жарылыстарға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту телеграмасын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, телеграммада Назарбаевтың Стамбулдың Ататүрік әуежайында болған жарылыс пен одан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра қабылдағаны айтылады. Назарбаев хатында Қазақстан халқы мен өз атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына, бауырлас Түркия халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек айығып кетуін тілейтінін білдірген.

"Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекетін айыптайды. Стамбулдағы қатыгездік оқиға өркениетті қоғамда мейірімсіз радикалдық топтар мен олардың идеологиясына орын болмауы тиіс екенін тағы да дәлелдеді" делінген телеграммада.

28 маусым күні кешке қарай Ататүрік әуежайында үш жарылыс болып, салдарынан 36 адам қаза тауып, 140-тан астам адам жараланған. Түркия билігі жарылыс пен шабуылды үш жанкешті жасады дейді.

БҰҰ, АҚШ, Германия және басқа да елдер бұл шабуылды айыптады.

XS
SM
MD
LG