Accessibility links

Моңғолияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Улаанбаатардағы парламент ғимараты (Көрнекі сурет).

Улаанбаатардағы парламент ғимараты (Көрнекі сурет).

Моңғолияда 29 маусымда парламент - Ұлы халықтық хурал сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Сайлау елдегі жұмыссыздық деңгейі тым жоғары және халықтың саяси процестерден көңілі қалу артып отырған кезде өтіп отыр. Сарапшылар сайлауда премер-министр Чимэд Сайханбилэг басқаратын Демократиялық партиясы мен оппозицияшыл Моңғолия халықтық партиясы арасында бәсеке күшті болады деп болжайды.

Парламенттегі 76 депутаттық орынға сайлауға 500-ге жуық үміткер түсіп жатыр.

Табиғи минералдарға бай Моңғолия шикізат бағасының төмендігі мен оған сұраныстың азаюынан, әсіресе көршілес Қытайда экономикалық өсімнің төмендеуінен зардап шегіп жатыр.

Моңғолия демократиялық жүйеге бейбіт түрде өткен 1990 жылдан бері осымен жетінші рет парламент сайлауы өткізіліп отыр.

Сарапшылар елде саяси процестерден түңілу, көңілі қалушылық әсіресе жастар арасында артып келе жатқанын айтады.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы қоры өзінің соңғы Ұлттық адам дамуы жөніндегі есебінде Моңғолияда 2012 жылы өткен парламент сайлауына сайлаушылардың 65 пайызы, ал елдегі 18-34 жастағы азаматтардың 45 пайызға жуығы ғана қатысқанын айтады.

Моңғолияда парламент депутаты төрт жылға сайланады.

XS
SM
MD
LG