Accessibility links

БАҚ: Литва Шалабаевты Қазақстанға беруден бас тартты


Интерпол ресми сайтындағы Сырым Шалабаев туралы ақпарат.
Интерпол ресми сайтындағы Сырым Шалабаев туралы ақпарат.

Литва Қазақстан мен Украинаға "БТА Банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің туысы Сырым Шалабаевты беруден бас тартты деп хабарлайды ресейлік ақпарат құралдары. Вильнюс соты 28 маусымда Қазақстан мен Украинаның Шалабаевты экстрадициялау туралы өтінішін орындаудан бас тартқан. Сот отырысы жабық түрде өтіп, шешімі көпшілікке бірдей жарияланған.

Шалабаев 2015 жылы шілдеде Қазақстанның сұрауы бойынша Литвада ұсталған. Сол жылы желтоқсанда ол босатылып, екі айдан соң оған Литвада саяси босқын мәртебесі берілген.

Шалабаев қазақстандық оппозицияшыл саясаткер әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаеваның ағасы. Ол бұрын Әблязовтің бизнесін жүргізген. Әблязовтің өзі 2013 жылдың жазында Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресей биліктерінің сұрауы бойынша ұсталған. Содан бері ол Францияда қамауда отыр. Ресей мен Украина оны қаржылық алаяқтық жасады деп айыптайды. Әблязов өзіне тағылған айыпты "саяси астары бар" деп, мойындамайды.

XS
SM
MD
LG