Accessibility links

Ажарқұлованың сотына адвокатын кіргізбеді


Ажарқұлованың сотына адвокатын кіргізбеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:39 0:00

Ажарқұлованың сотына адвокатын кіргізбеді. Шымкент, 29 маусым 2016 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының күзеті «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі, «алаяқтық» бабы бойынша сотталып жатқан Қыздығой Ажарқұлованың ісі бойынша кезекті сот отырысына айыпталушының адвокаты Гүлнәр Жуаспаеваны кіргізбей қойды.

Саған 15:00-де басталуы керек болған сот отырысына жарты сағат бұрын келген адвокат Гүлнәр Жуасбаеваны сот ғимаратының күзетшілері смартфонын қалдырмағаны үшін бөгеді. Күзетшілердің сөзінше, «Жоғарғы соттың жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің сот жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы 2016 жылдың 25-наурыз күні шыққан өкімі бар. Онда сот отырысына смартфонмен кіруге рұқсат етілмейтіні жазылған».

Адвокат Гүлнәр Жуаспаева "қандай да бір мекеменің өкімі Қазақстан заңнамаларынан биік емес" екенін айтады.

«Смартфонымда айыпталушы Қыздығой Ажарқұлованы қорғау кезінде қажетті құжаттарым сақталған. Сот отырысында маған қажет болуы мүмкін. Оның үстіне адвокаттық қызмет туралы заңда сот отырысына кірер уақытта смартфонды күзетшілерге тастап кету туралы сөз жоқ» дейді ол.

Өз талабының заңды екенін айтқан адвокат күзетшілерден акт толтырып беруін сұрады. Күзетшілер акт жазып болғанша адвокаттың жоқтығына байланысты сот 10 минуттық үзіліс жарияланды. Алайда арадан жарты сағат өтсе де адвокатты смартфонмен кіргізбеу туралы акт дайын болмады. Сөйтіп судья Мадияр Әбдірасылов сот отырысын ертеңге қалдыруға мәжбүр болды. Сот отырысына келген 20 шақты адам мен айыпталушы кері қайтарылды.

Шамамен бір сағаттан соң күзетшілер адвокатты сотқа смартфонмен кіргізбеу туралы актіні Гүлнәр Жуаспаеваға тапсырды.

«Күзетшілер заңды құқығымды шектеді, айыпталушыға шығын келтірді. Бұл акт арқылы күзетшілердің үстінен шағым түсірмін» деді Гүлнәр Жуаспаева.

Қыздығой Ажарқұлова 2015 жылдың желтоқсан айынан бері Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Азаттық сауалына ақпанда берген жауабында «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық бірлестігі жетекшісі 2009-2014 жылдары сенімге кіріп, қарыздарын жойып беремін деген уәдемен [борышкерлерге] жалпы сомасы 1 068 000 теңге (1 миллион 68 мың теңге – ред.) шығын келтірген. Нәтижесінде шағымданушылар банкке кепілге қойған жылжымайтын мүліктерінен айырылған» деп жазылған.

XS
SM
MD
LG