Accessibility links

Ресей елдің батысына 10 мың әскер апармақ


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қырым санаториінде. 16 маусым 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қырым санаториінде. 16 маусым 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, Ресей елдің батысына шекарадағы "әскери және саяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты" 10 мың әскер апарады. Ол АҚШ пен НАТО-ның "негізінен Ресеймен шекаралас елдерде әскери әлеуетін күшейтіп жатқанын" айтты.

Шойгу НАТО-ның 2014 жылы Қырымның аннексияланып, Украина шығысындағы қақтығыс тууына байланысты өз қауіпсіздігіне алаңдаған НАТО-ның Эстония, Латвия, Литва және Польшаға қосымша батальондар орналастыру жоспарын меңзеді. Кремль НАТО-ның бұл ниетін және Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін құруды Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп санайды.

Шойгу сонымен қатар Балтық флотының қолбасшысы, вице-адмиралы Виктор Кравчук және штаб басшысы, вице-адмирал Сергей Попов "жұмысында өрескел қателік жіберді" деп қызметтерінен алынғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG