Accessibility links

Шотландия бірінші министрі ЕО-ға өз ұстанымын білдірді


Шотландия бірінші министрі Никола Старджен. Брюссель, 29 маусым 2016 жыл.

Шотландия бірінші министрі Никола Старджен. Брюссель, 29 маусым 2016 жыл.

Шотландияның бірінші министрі Никола Старджен 29 маусымда Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті. Кездесуде Стардженнің Шотландия Еуропа Одағы (ЕО) құрамында қалуын қорғап қалу керек деген пікірін тыңдаған Юнкер бұл мәселе Ұлыбритания конституциясы аясында шешілуі тиіс деп мәлімдеді.

Старджен бұған дейін Брюссельде Еуропа парламентінің төрағасы Мартин Шульцпен кездескен. Кездесуден соң ол "Біз әзірге процестің басында тұрмыз. Мен Шотландияның ЕО-мен қарым-қатынасын қорғау туралы батыл ниетімді ғана айттым" деді.

Шотландия бірінші министрі ЕО басшылығымен тікелей келіссөз жүргізуге тырысады. Ол сонымен қатар Шотландияның Ұлыбритания құрамынан шығуы туралы екінші референдумға заңдық тұрғыдан дайындықты бастағысы келеді.

2014 жылы өткен референдумда шотландиялықтардың 55 пайызы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуға қарсы дауыс берген.

XS
SM
MD
LG