Accessibility links

Парламенттің алғашқы сессиясы жұмысын аяқтады


Парламент палаталарының біріккен сессиясы. Астана, 30 маусым 2016 жыл.

Парламент палаталарының біріккен сессиясы. Астана, 30 маусым 2016 жыл.

Астанада бүгін парламент палаталары - мәжіліс пен сенаттың біріккен отырысы өтіп, парламенттің алғашқы сессиясының жұмысы аяқталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, отырысты мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ашып, биыл наурызда сайланған 5-шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының жұмысын қорытындылады.

Нығматулин парламент мәжілісі 100 күн жұмыс істеген алғашқы сессияда 42 заң жобасын талқылап, 13-ін мақұлдағанын айтты. Ол Ақтөбедегі теракт сын болғанын, бірақ "халықтың бірлігі мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты" жеңгенін айтты. Ол Назарбаев жер реформасына қатысты мәселеде де жер туралы заңның кейбір даулы баптарына мораторий жариялау арқылы "жол тапқанын" айтты.

Мәжіліс спикері сонымен қатар парламент отырысын тікелей эфирден көрсету тәжірибесін қайта енгізу керек деді.

Парламент бұл отырыстан соң қыркүйекке дейін каникулға кетеді.

XS
SM
MD
LG