Accessibility links

Алматыдан Тегеранға ашылған жаңа әуе рейсі бүгін Алматы әуежайынан жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те Тегеранға ұшып кетті. Air Astana компаниясының хабарлауынша, компанияның Embraer E190 ұшақтары Тегеранға аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.

Air Astana ұшақ Алматыдан Тегеранға дейін 3 сағат 55 минут, Тегераннан Алматыға дейін 3 сағат 30 минут ұшатынын айтады.

Қазақстан мен Иран арасында Алматыдан Тегеранға рейс ашу туралы келісім биыл қаңтарда жасалған. Екі ел арасындағы келісімге Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, бұл елге салынған санкциялар алынған соң қол қойылған.

Air Astana әуе рейсі ашылғанға дейін Алматы мен Тегеран арасында Иранның Mahan Air әуе компаниясы әуе тасымалын жүргізген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG