Accessibility links

Душанбе Бішкекпен азаматтық алуды жеңілдету келісімін бұзды


Тәжікстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).
Тәжікстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 30 маусымда көпшілік дауыспен Қырғызстанмен жасалған азаматтық беру тәртібін жеңілдету туралы келісімді бұзуды мақұлдады. Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, төменгі палата спикері Шукурджон Зухуров келісім "шекараны демаркациялау кезінде қажетсіз дау мен түсінбестіктің тууына себеп болатындықтан" үкімет оны біржақты түрде бұзуды шешкен.

Депутаттар келісімді бұзуды мақұлдаған кезде тәжікстандықтардың көпшілігі Қырғызстан азаматтығын Ресей азаматтығын алу кезінде жеңілдіктерге ие болу үшін, ал Тәжікстанда тұратын этникалық қырғыз жастары жеңілдікті әскерден жалтару үшін пайдаланады деп санаған.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы келісім 2004 жылы мамырда Душанбеде қол қойылған. Құжатқа сай, тараптар екінші елдің азаматына азаматтық алуға өтініш берген елде жақын туысы тұратын болса азаматтықты жеңілдікпен алу құқығын берген.

XS
SM
MD
LG