Accessibility links

Стамбулда терактіден соң рейд жүргізілді


Терактіден соң Ататүрік әуежайы алдында тұрған түрік қауіпсіздік қызметкері. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.
Терактіден соң Ататүрік әуежайы алдында тұрған түрік қауіпсіздік қызметкері. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

Стамбул мен Эгей теңізі жағасында орналасқан Эгей қаласы полициясы Ататүрік халықаралық әуежайына жасалған шабуылдан соң экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының күдікті деген мүшелерін ұстау үшін рейд жүргізілді.

Anadolu агенттігінің 30 маусымда хабарлауынша, полиция Стамбулдың үш ауданында тексеру жүргізгенімен, күдіктілердің ұсталған, я ұсталмағаны белгісіз. Агенттік Измирдің үш ауданында болған тексерісте ИМ-мен байланысы бар деген күдікпен тоғыз адам ұсталғанын айтады.

Түркия билігі ИМ-ді 28 маусымда Ататүрік әуежайына жасалған шабуылды ұйымдастырды деп айыптайды. Жарылыстан 42 адам қаза тауып, 230 адам жараланған.

Түркиялық басқа ақпарат құралдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштері Сириямен шекарада ИМ-нің күдікті екі содырының көзін жойған.

Anadolu агенттігінің қауіпсіздік қызметіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, әскерилер 25 маусымда екі сириялықтың шекарадан заңсыз өтпек болып, ескерту белгісін елемеген соң атып өлтіргенін хабарлаған. Екі адамның біреуі Түркияда Анкара немесе Адана қаласында жарылыс жасамақ болды деген күдікпен іздеуде жүрген.

XS
SM
MD
LG