Accessibility links

Кабул маңында "Талибан" шабуылынан ондаған адам қаза тапты


Кабул маңында шабуылға ұшыраған курсанттар отырған автобустар. Ауғанстан, 30 маусым 2016 жыл.

Кабул маңында шабуылға ұшыраған курсанттар отырған автобустар. Ауғанстан, 30 маусым 2016 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабул маңында бүгін "Талибанның" екі содыры полиция курсанттары отырған автобустарды жарып, ондаған адам қаза тапты. Жарылыс Кабулден батысқа қарай 20 километр қашықтықта болды. Кем дегенде 27 адам қаза тауып, 40 адам жараланған.

Автобустар көршілес Вардак уәлаятындағы жаттығу орталығынан Кабулға қайтып келе жатқан.

Жарылыс болған жердегі полиция өкілдері Азаттықтың Ауған редакциясына бірнеше автобуста 200-ге тарта полиция курсантын алып келе жатқандықтан құрбандар саны артуы мүмкін дейді.

"Талибан" қозғалысы ақпарат құралдарына жіберген мәлімдемесінде шабуыл жауапкершілігін мойнына алатынын хабарлады.

Бұдан 10 күн бұрын Кабулде Канада елшілігіне қызмет ететін непалдық қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасалып, 14 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG